Қоғамның тұрақты дамуы мен азаматтардың қауіпсіздігі ең алдымен заң үстемдігіне байланысты. Заңға құрмет қалыптасқан жерде әділдік орнап, әр адамның құқығы қорғалады. Сондықтан «Заң мен тәртіп» – бүкіл қоғамға ортақ маңызды құндылық.
Қазақстан Республикасының Конституциясында Әділетті Қазақстан идеясын және Заң мен Тәртіп қағидатын ұстану мемлекеттің негізгі бағдарларының бірі ретінде бекітілген. Ата Заңның 3-бабында заң мен тәртіп үстемдігін қамтамасыз ету мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттарының қатарына енгізілген.
Бұл қағидаттың басты мақсаты – заң талаптарының баршаға бірдей орындалуы. Әр азамат әлеуметтік жағдайы мен қызметіне қарамастан заң алдында тең. Ал құқықтық мәдениет күнделікті тәртіп сақтаудан, өзгенің құқығын құрметтеуден және жауапкершіліктен басталады.
«Заң мен тәртіп» – Әділетті Қазақстанды қалыптастырудың берік негізі. Заңды құрметтеу әр азаматтың өмірлік ұстанымына айналғанда ғана қоғамда қауіпсіздік, жауапкершілік пен әділдік салтанат құрады.