Көкшетауда қалалық сот әкімшілігінің 27 жастағы басшысы Аян Дүйсековтің отбасы оның қайтыс болар алдында жұмысына байланысты қиындықтарға тап болғанын айтты, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Марқұмның жұбайы Жанар Дүйсекованың сөзінше, мәселелер Аян мен екі судья арасындағы келіспеушіліктен кейін басталған. Кейін оның қызметіне тексеру жүргізіліп, ер адамға сөгіс жарияланған.
Жанардың айтуынша, осыдан кейін отбасы тұрған қызметтік пәтерге қатысты да мәселе туындаған. Оларға 12 қыркүйекке дейін баспананы босату керегі ескертілген. Отбасы жаңа пәтер іздегенімен, қысқа мерзімде қолайлы баспана таба алмаған.
«Аян бізге тағы біраз уақыт беруді сұрамақ болды. Бірақ оған рұқсат бермеді. “Сенбі күні көшесіңдер, болды” деді», – дейді марқұмның жұбайы.
Жанардың айтуынша, 13 қыркүйек күні таңертең Аянның ата-анасы оларды қонаққа шақырған. Алайда Аян ата-анасының үйіне бармаған.
Сол күні Жанар балаларын ертіп қонаққа кеткен. Үйге қайта оралғанда, күйеуін жансыз күйде тапқан.
Марқұмның отбасы оның өліміне дейін жұмысында моральдық-психологиялық қысым болғанын айтып отыр.
«Пәтерден шығуды талап етті»: Көкшетауда қайтыс болған сот қызметкерінің әйелі мән-жайды айтты
Фото: Gemini ИИ