Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданындағы Бозша ауылы алкоголь өнімдерінен толық бас тартты, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап. Бұл бастаманы ауыл тұрғындары бірауыздан қолдаған.
Бозша ауылы Маңырақ ауылдық округіне қарайды. Елді мекенде 154 тұрғын тұрады, шамамен 60 үй бар.
Қазіргі таңда өңірде ішімдік сатудан бас тартқан ауылдар саны 26-ға жетті. Айта кетейік, 2025 жылы мұндай ауылдар саны 21 болған.