Зейнетақы жүйесіне өзгерістер енгізіледі

Фото: Gemeni ИИ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы қорындағы жеткілікті шекті қайта есептеу бойынша екі тәсілді қарастыруда, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап. Бұл туралы министр Асқарбек Ертаев Үкімет брифингінде мәлімдеді.

 Бірінші тәсіл – шекті соманы инфляция деңгейіне байланысты кезең-кезеңімен арттыру.

 Екінші тәсіл – актуарлық әдіс. Бұл жағдайда әр азаматтың жасы, болашақ зейнетақысы, инвестициялық табыс, халықтың қартаюы сияқты факторлар ескеріледі.

Бұдан бөлек «4+1» зейнетақыны жинақтау тәртібіне қатысты өзгеріс бар. Яғни қызметкердің зейнетақы қорындағы шотына өз жалақысынан аударылатын 10%-ға қосымша жұмыс берушінің жарнасы енгізілген еді. Әуелде ол 1,5% болған. Енді кезең-кезеңімен 5%-ға дейін ұлғаяды. Оның 4%-ы жеке шотқа, 1%-ы ортақ қорға жіберіледі.