Таңғы сағат 06:24 шамасында пәтерде өрт шыққаны туралы хабар түскен, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап. Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері алдымен тұрғындарды қауіпсіз жерге эвакуациялады.
Пәтерлерді тексеру барысында олар ес-түссіз жатқан ер адамды тауып, дереу сыртқа алып шыққан.
Құтқарылған азамат медицина қызметкерлеріне тапсырылды. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталуда.
Жезқазғанда полицейлер өртке оранған пәтерден ер адамды аман алып шықты
Фото: Gemini ИИ