15 жастағы оқушының денесі табылды

ашық дереккөз

Оқиға Панфилов ауданы Шолақай ауылында болған, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық порталының тілшісі. 21 шілде күні «құрбыммен кездесуге кеттім» деген қыз ұшты-күйлі жоғалады. Құралай Қисабекованы ауылдастары аяғынан тік тұрып іздейді, бірақ нәтиже жоқ. Қыздың мәйіті ауылдың шетінен табылды. Күдікті сол ауылдың 38 жасар тұрғыны екен. Жас қызды қатыгездікпен зорлап, артынша пышақтаған, жансыз денесін өртеп, көміп тастаған.

Ауылдастарының мәліметінше, күдікті 5-6 жыл бұрын кәмілеттік жасқа толмаған қызды зорлап, мерзімінен бұрын босап шыққан. Кейін тағы бір жас қызды зорлап, жазадан құтылу үшін соған үйленген.  

Күдікті қамауға алынды. Ол өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.