Алматыда дәрігер 11 жастағы бала зорланғанын мәлімдеді

Из открытых источников

Алматыда емдеу мекемелерінің бірінде дәрігер 11 жастағы баланың зорланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық порталының тілшісі  "НеМолчиKz" қоғамдық қорына сілтеме жасап.

Қоғам белсенділерінің айтуынша, зардап шеккен бала туысымен бірге дәрігерге келген.

«Дәрігер қарап, оның бірнеше рет зорланғанын түсінген. Балаға хирургиялық көмек қажет. Бұл оқиғаның егжей-тегжейін әзірге ашпаймын, бірақ ол адам шошитын жайт», –деп жазды қор басшысы Дина Таңсәрі.

Полицейлер мұндай факт шынымен де тіркелгенін растады. Іс Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-бөлігі бойынша тергеліп жатыр. Тергеу амалдарын Медеу ауданының полицейлері жүргізіп жатыр.