Атырауда аудан әкімі суға батып кетті

ашық дереккөз

Атырау облысы Махамбет ауданының әкімі Ринат Жанқылыш Жайық өзеніне батып кетті, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық порталының тілшісі Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Ол 31 шілде күні кешқұрым Ортақшыл ауылының тұсында өзенге түсіп, қайта шықпаған. Аймақтық төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, құтқарушылар 22:38-де Жайыққа бір адамның ағып кеткені туралы қоңырау алған.

Ринат Жанқылыш 1982 жылы 2 желтоқсанда Атырау қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2003 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетінде, 2011 жылы Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетінде, ал 2017 жылы Атырау мұнай-газ университетінде заңгер, экономист және мұнай-газ ісі мамандығы бойынша білім алған.

Ринат Жанқылыштың денесі әлі табылған жоқ.