Баян Мақсатқызының экс-күйеуі түрмеден шықты

Ашық дереккөз

Бақытбек Есентаев түрмеден шықты.  Абақтыдан шыққан сәтін қарындасы Нағима Есентаева видеоға түсіріп, инстаграм парақшасына жүктеді деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігінің тілшісі.

Видеода қарындасы ағасын түрмеден қалай шығарып алып жатқандарын баяндап, қуанышын жасырмады.

Бақытбек Есентаев түрмеде 6 жыл отырды. Оны түрмеден шығарып алуға барлық дос-жараны, туған-туысы жиналған. Алайда, қыздары келмеген.