Бір жасқа дейін төленетін жәрдемақы 1,5 жылға ұзаруы мүмкін

Из открытых источников

Алдағы уақытта бала күтімімен айналысатын қазақстандықтар мемлекеттік жәрдемақыны 1 жыл емес, 1,5 жыл бойы алуы мүмкін. Бұл туралы әлеуметтік сақтандыру қоры АҚ бас директоры Нұрсұлу Кемел мәлімдеді, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық порталының тілшісі.

«Біз әлеуметтік кодекс аясында бала күтіміне берілетін мемлекеттік жәрдемақы мерзімін 1 жылдан 1,5 жылға ұзартуды ұсынып отырмыз. Қордың қызметі әлеуметтік жәрдемақыны төлеумен ғана шектелмейді. Біз жалпы жүйенің, оның ішінде қаржы тұрақтылығын сақтауға жауаптымыз. Жалпы әлеуметтік міндет - ұзақмерзімді шаруа. Дегенмен дәл қазір бала күтіміне байланысты жәрдемақыны тағайындау мерзімін ұзартуға қатысты нақты ештеңе айта алмаймын», – деді қор басшысы.

Оның айтуынша, қазір аталған мәселе талқыланып жатыр. Қорытынды шешім көпшілікке жарияланады.

Қазір елімізде 1 жасқа дейінгі бала күтіміне арналған төлемнің орташа мөлшері  41 мың теңге.