Қазақстан халқы 2050 жылға қарай 27 млн-нан асуы мүмкін

ашық дереккөз

Қазақстан халқы 2050 жылға қарай 27 млн-нан асуы мүмкін, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық порталының тілшісі Еңбек ресурстарын дамыту орталығына сілтеме жасап.

Орталық жасаған талдауға сәйкес, Қазақстан халқының саны 2030 жылға қарай 20,8 млн - нан (теріс сценарийде) 21,5 млн-ға дейін (оң сценарийде), ал 2050 жылға қарай 23,5 млн-нан 27,7 млн-ға дейін болуы мүмкін.

 «Бұл ретте, егер өлім мен туу көрсеткіштері 2021 жылғы деңгейде, ал сыртқы және өңіраралық көші-қон 2017-2021 жылдардағы орташа мәнде сақталса, Қазақстан халқының саны 2030 жылға қарай 20 млн 958 мың адамға, ал 2050 жылға қарай – 27 млн 192 мың адамға жетеді», – деп атап өтті ЕРДО Болжамдау департаментінің директоры Дмитрий Шумеков.

2030 жылға қарай орталық сценарийі бойынша халық саны:

Нұр-Сұлтан қаласында – 420 мың адамға, 1,7 млн адамға дейін,

Алматы қаласында – 414 мың адамға, 2 млн 466 мың адамға дейін,

Шымкент қаласында – 369 мың адамға, 1,5 млн адамға дейін өседі.

Түркістан облысында халық саны 207 мың адамға,

Маңғыстау облысында – 170 мың адамға,

Алматы облысында – 145 мың адамға ұлғаяды.

Шығыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар және Ақмола облыстарында халық санының қысқаруы күтілуде.