BANNER

Қазақстандық ет қайда кетіп жатыр?

ашық дереккөз

2022 жылдың басында Қазақстан сиыр, қой және ешкі еті экспортын арттырды. Қаңтар мен шілде аралығында Еуроодаққа кірмейтін елдерге  9,3 мың тонна ірі қараның еті жөнелтілген, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігінің тілшісі LSM.kz-ке сілтеме жасап. Сиыр етінің басым бөлігін Өзбекстан алған (9,27 мың тонна). Ал Біріккен Араб Әмірлігі 32,5 тонна сатып алды. Соңғы жылы сиыр етінің экспорты 3,5 есе өскен.

Сондай-ақ, Өзбекстанға 3 мың тонна қой мен ешкі еті жөнелтілді. Ал Біріккен Араб Әмірліг 921 тонна алды.

Соған қарамастан Қазақстан етті шетелден алып отыр. Мәселен, елімізге Украина, Парагвай, Үндістан мен Бразилиядан 559 тонна сиыр етін импорттаған.

Сонымен қатар, сырттан келген 1400 тонна жылқы етінің 570 тоннасы Уругвайға, 454 тоннасы Моңғолияға, 383,5 тоннасы Аргентинаға тиесілі. Бір айта кетерлігі, бұл санатқа тек жылқы ғана емес есек пен қашырдың еті де кіреді.