BANNER

Мектеп оқушыларын құлдықта ұстаған

ашық дереккөз

Шымкентте жасөспірім қыздарды құлдықта ұстаған. Қаскөйлер өз құрбандарын Вконтакте әлеуметтік желісі арқылы арбап, көп ақша табуға көмектесеміз деген желеумен қармақтарына түсіріп отырған, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігінің тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қылмыскерлер кәмілеттік жасқа толмаған қыздардың сеніміне әбден кіріп алған соң жезөкшелікке мәжбүрлеген. Қыздардың тәнін сатқан, болмаса тауар сияқты алмастырып отырған. Олар сауна, қонақүй, жалдамалы пәтерлерде «қызмет» көрсеткен. Егер дегендеріне көнбей, қарсыласса, күш көрсетіп, ұрып-соғып, есірткі салған.

Қылмыстық топ ұсталды. Олардың адам саудасымен айналысқанына қанша уақыт болғаны анықталып жатыр. Әзірге қанша қыздың тағдырына балта шабылғаны беймәлім...