Нан бағасы арзандай ма?

ашық дереккөз

Елімізде нан бағасының арзандауы не қымбаттауы бидай бағасына байланысты. Бұл туралы «Қазақстан астық одағының» төрағасы Нұрлан Оспанов айтты, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық порталының тілшісі.

«Егер бізде бидайдың бағасы тоннасына 120 мың теңге болса, нан 120 теңге тұрады. Есепті жеңілдету үшін мемлекеттік органдар да осылай есептейді. Сондықтан бидай бағасы төмендейтін болса, нан бағасының төмендеуіне толық негіз бар», – деді ол.

 Сондай-ақ, нан ғана емес, күнбағыс майы, ет, жұмыртқа сияқты өнімдердің бағасы да түседі. Өйткені оларды өндіруде астық шикізат ретінде пайдаланылатынын айтты.