Павлодар облысында мәйіт тіріліп кетті

ашық дереккөз

Екібастұзда көшеде целлофанға оралып жатқан ер адам табылды, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық порталының тілшісі. Оны таңертең итін серуендетуге шыққан қала тұрғыны байқап, бірден полицияға хабарлаған. 
  
Аулаға жеткен полицейлер целлофанды ашып жатқан кезде «мәйіт» орнынан тұрып жүгіре жөнелді. 
  
Белгілі болғандай, 1 күн бұрын алкогольді сусынды көп ішіп қойған ер адам үйіне жете алмай, далада ұйықтап қалған. Жаңбырдан жасырыну үшін сол маңнан тауып алған целлофанға оранып жатқан екен.