Telegram-каналдарда Болат Назарбаев қайтыс болғаны туралы ақпараттар таралды

ашық дереккөз

Анонимді Telegram-каналдарда Болат Назарбаевтың қайтыс болғаны туралы ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық порталының тілшісі Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Болат Назарбаевтың жақындары оның қайтыс болғаны туралы ақпараттың жалған екенін айтып, жоққа шығарды.

«Бәрі дұрыс, алаңдамаңыздар. Жағдайы жақсарып келеді. Елдің өсегі ғой. Алла ғұмыр берсін», – деді Болат Назарбаевтың жақындары.

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы да Болат Назарбаевтың қайтыс болғаны туралы ақпарат келіп түспегенін айтты.

Еске салайық, бұған дейін Болат Назарбаевтың үлкен қызы Гүлмира Әбішева БАҚ-қа сұхбат беріп, әкесінің ауыр науқас екенін мәлімдеген еді. Тұңғыш президенттің інісі өңештің қатерлі ісігіне шалдыққан.