Түркістан облысында 48 жастағы ер адам 6 жасар ұлын балталап өлтірген

ашық дереккөз

Жаға ұстатарлық оқиға 4 наурызда болған, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық порталының тілшісі Экспресс К басылымына сілтеме жасап.

Анықталғандай, әкесі ұлын үйінің маңындағы орманға ағаш жинау үшін алып барған. 

"Айналада ешкімнің жоқ екенін пайдаланған ол ұлын бір рет балтамен ұрған. Кейін ағаштардың жанына алып барып, балтаның өткір жағымен желке тұсынан бірнеше рет ұрған", – делінген Түркістан облыстық сотының хабарламасында. 
Полицейлер баланың өлімі жайлы аудандық аурухана қызметкерлерінен білген. Қылмыстық іс маусымның соңында сотқа жіберілген. 

"Сотта әкесі өз кінәсін толық мойындады және өкінетінін айтты. Ал әйелі күйеуін жазаға тартпауды сұрады, себебі төрт баласы өсіп келе жатыр", – деп қосты баспасөз қызметінің өкілдері. 

Ер адам 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.