Жаңа дәстүр: 40 жастағы қыздың тұсауын кесті

ашық дереккөз

Әлеуметтік желіде 40 жасқа толған қыздың тұсаукесер тойының бейнежазбасы тарады деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігінің тілшісі.

"Мен өмірімде көп нәрсе көрдім. Бірақ мынадайды бірінші рет көруім" делінген онда.
Бұл видео жұрттың наразылығын тудырған. "Тұсау кескен сәтте балаға таңдау беріледі. Ал, бұл қыз бай таңдады", - деп жазды оқырмандар.

Оқырмандардың "Бірден бесік той жасамады ма?", "Енді осы жаста сүндетке отырғызғанды да көретін шығармыз", "Бұл қыз тұрмысқа шықпай отырып қалса, ырым жасап тұсау кеседі өз теңін тапсын деп. Үлкендер ырымдап бата береді" деп те жазған көпшілік.