Зорламақ болған жігіттерден қашып кеткен қыздың оқиғасына қатысты тың деректер пайда болды

Кадр из видео

2000 жылы туған Б-ны зорлауға әрекеттену дерегін Жетісу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық порталының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап..

«Жәбірленуші қыз оқиғадан біраз уақыт бұрын алкогольдік ішімдік ішкен таныстарының бірінен күдіктенеді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу тобы құрылды. Тергеу барысы Алматы қалалық Полиция департаменті басшылығының бақылауында», – деп хабарлады Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, қашып келе жатқан қыздың видеосы әлеуметтік желіде тарады. Бейнежазбадан оның көлікті тоқтатып, жүргізушіден құтқаруын сұрағанын көруге болады. Сонымен қатар, видеода қыздың артынан қуып келе жатқан ер адам байқалады.