BANNER

Конституциялық Сот пен ЕҚЫҰ Офисі 2026 жылға арналған бірлескен бастамаларды талқылады

Фото: Конституциялық Сот телеграм арнасынан алынды

Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы Эльвира Азимова Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Астанадағы Бағдарламалар офисінің басшысы Алексей Роговпен кездесу өткізді. Кездесуге Конституциялық Сот Төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов қатысты.

Кездесу барысында тараптар Конституциялық Сот пен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Офисі арасындағы өзара іс-қимылдың 2026 жылға арналған басым бағыттарын талқылады. Аталған ынтымақтастық бастамалары құқықтық мәдениетті арттыруға, сондай-ақ конституциялық бірегейлік пен Ата заңымыздың үстемдігі мәселелері бойынша сараптамалық қолдауды күшейтуге бағытталған.