Референдумда дауыс беру қарқыны бойынша Қарағанды облысы көш бастап тұр

Фото: Келу туралы алдын ала дерек

Республика азаматтарының 19,2 пайызы референдумда дауыс беруге қатысты. Бұл жөнінде Орталық референдум комиссиясы мәлімдеді. Белсенділік танытқан өңірлердің қатарында Қарағанды облысы алдыңғы орындардың бірінен көрінді.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес, сағат 10:00-дегі жағдай бойынша өңірлердегі дауыс берушілердің келуі мынадай болды: Абай облысы – 17,98%, Ақмола облысы – 19,82%, Ақтөбе облысы – 21,80%, Алматы облысы – 18,10%, Атырау облысы – 19,44%, Батыс Қазақстан облысы – 18,80%, Жамбыл облысы – 18,49%, Жетісу облысы – 21,01%, Қарағанды облысы – 26,64%, Қостанай облысы – 19,24%, Қызылорда облысы – 24,02%, Маңғыстау облысы – 18,53%, Павлодар облысы – 16,36%, Солтүстік Қазақстан облысы – 18,72%, Түркістан облысы – 21,21%, Ұлытау облысы – 20,31%, Шығыс Қазақстан облысы – 20,64%, Астана қаласы – 20,68%, Алматы қаласы – 9,54%, Шымкент қаласы – 21,36%.

Жалпы алғанда, сағат 10:00-дегі дерек бойынша республика бойынша 2 393 844 азамат бюллетень алған. Бұл тізімге енгізілген азаматтардың 19,21 пайызын құрайды.

Дауыс беру учаскелеріндегі келу көрсеткіші туралы келесі мәліметтер сағат 12:00-де жарияланады.