Көріпкелдер болжамы шындыққа қаншалықты жанасады?

ғаламтор


        

 Әлемге аты мәшһүр сәуегей жұлдызшы Нострадамус өз заманында  жұлдыздар кестесін жасап, адамдардың, жер бетіндегі  мемлекеттердің тағдырын болжап біліп отырған. Осы сала білгірлерінің айтуына қарағанда, оның осыдан алты ғасыр бұрын болжап кеткен болжамының 80 пайыздан астамы дәл келуде екен.

Ал болгариялық Ванга көріпкелдің де, шыққан тегі польшалық Вольф Мессингтің де бір кездері айтып кеткен қайсыбір әлемдік деңгейдегі айтулы өзгерістер мен табиғи апаттардың, Кеңес одағының өз-өзінен күйреп, ыдырауы, әлемнің түкпір-түкпіріндегі қарулы қақтығыстар, жекелеген тұлғалардың болашақ тағдыры секілді болжауларының басым бөлігінің осы күнге дейін айна-қатесіз дәл келгендігіне әлем халқы куә.

Қазақта да небір әулие, көріпкелдер, емшілер  болған. Олардың қатарына Қорқыт ата, Асан қайғы, Мөңке би, Бұқар жырау, Қаз дауысты Қазыбек би бабаларымызды, Қабанбай, Райымбек батырды,  сонау Маңғыстауда жатқан пір Бекет атаны, Мәшһүр Жүсіп әулиені, т.б. келтіруге болады.

Қай дәуірді алып қарасаңыз да, өзі­нің саясаттағы қадамы үшін жа­нына балгер ұстаған басшылар көп. Тіпті 1941 жылы фашистік Герма­ния­ның 22 маусым күні соғыс бас­тауын­да да осындай тылсым бір күш жатқан сияқты. Өйткені ру­ни­калық астрологияның басты құ­жа­тында атап көрсетілгендей, 22 мау­­­сымда күн ұзарып барып батады жә­не ең қысқа түн болып есептеледі. Демек гитлерлік Германия бас­шы­ла­рының бұл күнді таңдауында осындай тылсым боларлық наным жатыр. Үшінші рейх командасының қан­шалықты тылсым күшке немесе руналық астрологияға сенгені бел­гі­сіз. Бірақ Гитлердің жанындағы өте белгілі тұлғалардың бірі болған фю­рер Генрих Гимлердің бала кезінен-ақ тылсым күштерге қызы­ғу­шылығы артқан деседі. Тіпті кейін нацистік партия құрғаннан кейін ол саяси ұйымның жанынан тұ­тас бір институт ашқан. Ол инс­титут қаншалықты жемісті жұмыс істеді, ол жағы енді беймәлім. Фа­шистік Германияның күйреуімен институттың да келмеске кеткені мәлім.
     Дегенмен, көріпкелдер болжа­мы халықтың аузында жиі айтыла­ды, бәрібір санада жаңғырып қала бе­реді. Тылсым, құпия күштерге де­­­­­ген жасырын ынтызарлық неміс­тер­дің ғана емес, кезінде ағылшын­дар­дың да әскери жауынгерлік ру­хын көтергенге ұқсайды. Олар Екін­­­­ші дүниежүзілік соғыстың қыз­ған шағында неміс қаласы Кёльн­нің үстінен әскери ұшақ ар­қылы, мыңдаған қағазды аспаннан жау­дырған. Сондағы жазу не дейсіз ғой: ағылшындар көріпкел Ност­ра­дамустың ХVІ ғасырда айтқан бол­ж­а­мын қала үстінде ұшақпен тарат­қан. Онда Шығыстан шыққан мұз­­дай құрсауланған әскер Еуро­пан­ы көктей етіп, Германияны тас-талқан ететіні айтылған. Ағыл­шын ұшқыштары бұл сәуегей бол­жамды немістер Курск доғасында болған соғыста ойсырай жеңіл­геннен кейін ғана барып, неміс­тердің есіне салған. Ақыры не бол­ды? Кеңес әскерлері барлық май­данда шабуылға шықты. Расын­да, Курск доғасындағы ұрыстар сол соғыстағы бетбұрысты кезең бол­ғанын тарихшылар да кейіннен рас­тады.
       Гитлер ғана емес, Кеңес Одағын 25 жылдан артық басқарған Ста­лин­нің өзі де адамзаттың ойлау қа­­­­білетінен тыс тылсым күштер ба­рына сенген. Тбилисидің рухани-ағарту гимназиясын бітірген. К­е­зін­де аталған білім ордасын таны­мал экстрасенс Георгий Гурджиев тәмамдағаны белгілі. Кейбір әңгімелерге қарағанда, Гурджиевтің өзі құпия жағдайда адамның жүй­кесіне әсер ету амалдарын Сталинге көп үйреткен деседі. Тіпті бұрын қа­былданып қойған шешімді аяқ ас­тынан өзгерте салу Иосиф Вис­сарионовичке түк қиындық кел­тір­меген. 1941 жылдың қараша айын­да түнгі сағат үште Мәскеу әскери ок­ругының бас қолбасшысы Павел Артемьевке хабарласып, Сталин Ұлы Қазан революциясын мере­ке­леуге қатысты шараны сағат тоғыз­да емес, сегізде бастауға бұйрық бер­ген. Ал одан кейін бұл бұйрықты орын­дамай көр! 7 қараша күні бас­тал­ған халықтық және әскери шеру күн­нің шығуымен тұспа-тұс келген. Не­містер де таң алагеуімде Кеңес Ода­ғына тұтқиылдан шабуыл жаса­ған жоқ па еді?! «Қызыл алаңнан күн­нің шығуымен таласа өткен әс­кери парад пен демонстрант­тар­дың шеруі «жезді мұрт» Сталиннің ай­бынын бұрынғыдан да асқақтата түсті» деп жазды сарапшылар.
       КСРО-ның бас қолбасшысы Иосиф Сталин атақты көріпкел, экст­расенс Вольф Мессингті құпия жағдайда өзіне шақырып, «алдағы уақытта соғыстың барысы қалай бо­латынын біліп отырған» деген де ақпарат бар. «Тіпті екеуінің әңгімесі бірнеше сағатқа емес, бір тәулікке ұла­сып кететін» дейді білетіндер.

   Ең бір қызығы мынада: Мессинг қан­дай да бір гипноз жасап, сиқыр­шы­лық істермен айналыспаған. Оған сұрақ қойылса, заматында жауап бе­ретін болған. Кейіннен оның бол­­­жамдары ақиқатқа айнала бас­та­ғанын жұртшылық көзімен көріп, жү­регімен сезінген. 1937 жылы По­ль­шада жүргенде халық оған «Егер Гер­мания Польшаға шабуыл жа­са­са, соғыс қалай аяқталуы мүмкін?» де­ген сауал қояды. «Егер Германия ба­ғытын шығыс жаққа қарай бұрса, онда түбінде тас-талқан болып жеңі­ліске ұшырайды» деп жедел жауап берген.
Вольф Мессинг Сталиннің ев­рей мейрамдарының бірінде өмір­ден өтетінін, шағын асханада тамақ ішіп отырып, бақилық болатынын да айтқан. Расында да жезді мұрт өзінің саяжайында тамақ ішіп отыр­ғанда миына қан құйылып, көз жұмған. Оны таңертең күзетші көре­ді де, дәрігерлерге хабар береді. Миы­на қан құйылу салдарынан бір жақ денесі тартылып қалған Сталин 5 наурыз күні кешкі сағат 21:50-де қайтыс болған. Келесі күні ғана, Бас қолбасшының қайтыс болғаны ту­ралы хабар 1953 жылдың 6 нау­рызында сағат 6:00-де радио арқы­лы бүкіл халыққа хабарланады.
        Тарихқа терең үңілер болсақ, мұн­дай мысалдар өте көп. І Петрдің де жеке астрологы болған. Оның қасында үнемі орыс артилле­рия­сы­ның қолбасшысы, генерал-фельд­цейх­мейстер Брюс Яков жүретін бол­ған. Астрологиялық жұлдызна­ма­мен әуестенген Яков І Петрге, әсі­ресе 1724 жылы, судан сақтануды өтін­ген. Расында, Ресейде жан-жақ­ты реформа жүргізген Петр патша Ла­дожское көлінің маңындағы жо­баларға бас-көз болып жүріп, өкпе­сі­­не суық тигізіп алады. Ақырында 1725 жылы қайтыс болып кетеді.
         Яков шотланд королінің ұр­пақтарының бірі болған. Ол жұл­дыз­дарға қарап, адамның тағдырын айт­қан. Жүруден қалған адамдар­дың жүрегіне сенім ұялатып, олар­дың бірсыпырасын аяғынан тұр­ғыз­ған. Тіпті алдағы 200 жылда не бо­латыны туралы да болжам жаса­ған ол тарихта «Брюсов күнтізбегі» деген атпен де қалған.
         Социализмнің негізі қаланған КСРО-ның түбінде тарих қой­науы­на кететінін болжаған көріпкелдер де бар. Мысалы, академик А.Са­ха­ров 1985 жылы: «Егер осындай жағ­­даймен құлдырап, өмір сүре бе­ретін болсақ, Кеңес Одағы мем­ле­кет ретінде өмір сүруін тоқтатады» деп жауап берген. Расында солай, Гор­бачев бастаған қайта құру еш­қан­дай да жемісін бермеді, әлемдегі алып бір мемлекет құлады.
      1985 жылы академик Виктор Ге­ловани де компьютерлік мо­дель­деу арқылы алдағы уақытта     КСРО-ның қандай халде болатынын есеп­теп шығарған. 1991 жылдың орта­сында немесе жылдың соңына қа­рай алып мемлекеттің қара шаңы­ра­ғы ортасына түсетінін де бол­­жа­ған. Кеңес Одағының құрдымға ке­­­тетінін бұдан бұрын өмір сүрген кө­ріпкелдер де дәл айтқан. 1945 жы­лы өлерінен бір жыл бұрын айт­қан Эдгар Кейсидің пікірін соғыс ке­зінде ауыртпашылықты бастан кешіп жатқан халық толық түсіне қойған жоқ. «XX ғасыр бітпей жа­тып, КСРО-да коммунизмнің елесі де қалмайды. Коммунистер өз би­лі­гін жоғалтады. Ал коммунистік жүйе­ден құтылған Ресейді ауыр эко­но­микалық дағдарыс күтіп тұр». Эдгар Кейсидің бұл болжамы расында 45 жылдан кейін ақиқатқа ай­налды. Атақты көріпкел өмірден өте­рінен бірер сағат бұрын күн­де­лігіне «Біздің әлем Құдайға мұқтаж болып тұр» деп жазу қалдырыпты. Мүмкін ол тұрмыстың азып, адам­заттың азғындап бара жатқанын сол кезде-ақ сезген шығар, осыны тұс­пал­­дап айтқан болар. Бірақ ол кезде оны түсіне қоятын, ұға қалатын адам қайда?! Бір қызығы, Кейсидің ұйық­­тауы қиындау болған. Ол сә­кі­ге жатып, көзін жұмған сәтте сауал қойса, кез келгеніне жауап бер­­­­ген. Оның кейін ақиқатқа ай­нал­­­­ған болжамдарының барлығы да екі қолын кеудесіне қойып, көз шы­­­рымын алған сәтте «жарыққа шық­қан». КСРО-ның құрдымға кетуі мен лазерлік құрылғының пай­да болатынын да Эдгар Кейси кү­ні бұрын болжаған.
          Расында ХХ ғасырдың басында бас­талған соғыс пен мемлекеттік төңкерістер, жұт пен ашаршылық, «Ти­таниктің» су түбіне кетуі және бас­қа да тосын апаттар адамзатқа үрей алып келді. Адам баласын бо­ла­шақта не күтіп тұр? Осы мәселе екі аяқты пендеге маза бермегені де шындық. Мұндай кезеңде алаң­да­ған адамға ақыл айтатын, тіпті өмі­рі­не сәуегейлік жасайтын кө­ріп­кел­дер де көбейеді. Тіпті өркениет да­мыған кезең ХХ ғасыр мен ХХІ ға­сырдың басын алып қарайықшы, ал­пауыт мемлекет басшыларының өзі келешекті болжаған көріп­кел­дер­ге жүгінді. АҚШ президенттері Руз­вельт, Трумэн және Эйзенхауэр де Джейн Диксонның ақыл-кеңе­сіне құлақ асқан. Мысалы, Рональд Рей­ган Джоан Квиглидің жұлдыз­на­масына қарап саяси бағдар алса, Хил­лари Клинтон парапсихолог Джин Хьюстонның болжамдарына сүйенген. Ағылшын премьері Уинс­тон Черчиль де астролог Луи де Вол­ьды әркез жанына шақырып, бо­лашағын болжап отырған.
         Бірақ қалай айтқанда, қазір им­периялық пиғылды басты позиция­сы етіп ұстанған алпауыт елдер екін­­ші бір елдегі соғыстың тезірек бі­туі­не мүдделі болмай отыр. Әйт­пе­се, бірқатар соғысқұмар мемле­кет­тер 1997 жылы қайтыс болары­ның алдында болашақтың қандай боларын алдын ала айтып кеткен Джейн Диксонның болжамдарына құлақ асар еді ғой. «Алдағы уақытта Таяу Шығыста сұмдық жер сілкінісі болып, ғаламдық апаттар көбейеді, бір­қатар араб елдері Израильге шаб­уыл жасайды. Арадағы соғыс се­гіз жылға созылады» дейді ол.
           Жалпы көріпкелдік адам баласы пай­да болғалы бері тіршілік иесімен бір­­ге өмір сүріп келеді. Оларға қа­тыс­ты нақты бір ғылыми тұжы­рым­да­ма жоқ. Десек те, оның құпиясы ашыл­­маған бір құбылыс екені анық. Оған қатысты көзқарас та әр­­түрлі. Көріпкелдік кемеңгерлік пе? Негізі көріпкелдік ойлар қазақ хал­қының ауыз әдебиеті мен этног­ра­фиялық тұрмысында жиі кездеседі. Сон­дықтан бұл біздің қазақы ұғым­ға жат емес…

 
Берік БЕЙСЕНҰЛЫ

Мәлімет ғаламтордан алынды.