Бір суреттің тарихы - "Үздік әке"

https://kick-or-die.ru/

Осыдан 10-12 күн бұрын Кентуккий университетінің   «Кентукки Уайлдкэтс» баскетбол командасының ойынын түсірілген бір фото бүкіл әлемге тарап кетті десек те болады. Фотода бет-ауызы шаң-тозаң, үстіндегі жұмыс киімін ауыстырмаған жігіт ағасының баласымен ойын көріп отырған сәті бейнеленген. Әке мен бала фотоға түскісі келіп түсе салмаған, оларды сырттан біреу "чық" еткізген. Қызық осы жерден басталады.

"Біздің отбасымыздың арман қуып Америкаға келгендегі жұмысы да Кларксбергтегі кен орнынан басталған. фотоның көңілімді толқытқаны сондықтан. Бұл жігіттің кім екенін білмеймін. Бірақ, тапқан жағдайда VIP орындардан билет беруге әзірмін",- деп  «Кентукки Уайлдкэтс» командасының жаттықтырушысы  Джон Калипари Twitter әлеуметтік желісіне арнайы пост салған.

Магуайрлер

Айналасы жарты күн ішінде кейіпкердің есімі де белгілі болады. Тіпті, "2022 жылдағы үздік әке" деп сырттай номинация да беріп қойыпты оқырмандар. 

"Бұл менің күйеуім Майкл Магуайр. Ол кенші болып жұмыс істейді. Аптасына 50 сағат жер астында жүреді. Ол ойын күні 4:45 уақытында жұмысқа кеткен болатын. Ал, ойын 18:00де басталды. Ұлымызға берген уәдесінде тұру үшін үйге келіп киім де ауыстырып үлгермеді.",- дейді кеншінің әйелі Молли Магуайр.

Енді, осы оқиға бізде болса не істер едік? Жігітті осындай кір-қожалақ қалпында ойынға кіргізер ме едік? Оған көңіл бөліп, арнайы орыннан билет берер ме ек? 

Жалпы, сөз беру, сөзде тұру жағы кемшін деп ойламайсыз ба?