Маньяктың апанында болған қыздың әңгімесі жаға ұстатты

ашық дереккөз

Американың Алабама штатында 12 жасар қыз азаптаушысынан қашып шыққан, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық порталы Daily Mail басылымына сілтеме жасап. Қызды ұрлаған маньяк алкогольді ішімдікті оның аузына қинап құйып, қолдарын төсектің шетіне байлап бір апта ұстаған. Тұтқыннан босап шығу үшін қыз қалың жіпті тістерімен үзуге мәжбүр болған.  Жолдың бойына жүгіріп шыққанда көлік жүргізушісі көмектесіп, жергілікті полиция бөлімшесіне тапсырған. Бір күннен кейін қаскөй ұсталып, түрмеге қамалды. Ол 37 жастағы Хосе Паулино Паскуаль-Рейес деген азамат болып шықты.

Жергілікті билік жәбірленушінің қауіпсіздігі үшін қыздың маньяк қолына қалай түскені жайлы және жеке басына қатысты ақпаратты ашып айтпайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ, қызды «Батырға» теңеді.

Оның үйін тінту кезінде шіри бастаған  екі мәйіт табылды. Олардың зорланғаны анықталды. Қылмыскерге адам  өлтіру, адам ұрлау және мәйітті қорлау фактілері бойынша айып тағылды.

Хосе Паулино Паскуаль-Рейес өлім жазасына кесілді.