BANNER

Синоптиктер 11 өңірде ескерту жариялады

Синоптиктер 11 өңірде ескерту жариялады

«Қазгидромет» РМК 18 қаңтарда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Батыстан соғатын желдің екпіні түнде 18-23 м/с құрайды.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз өңірдің батысында, солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с артады. Облыстың оңтүстік-батысында тұман болжанады.

Қызылорда облысының орталығында тұман, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде және шығысында тұман болады.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, сондай-ақ таулы, тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың таулы аудандарында оның күші 15-20 м/с жетеді.

Шымкент қаласында кей уақытта тұман болжанады.

Ақмола облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, өңірдің солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын жүріп, жолдарда көктайғақ болады, солтүстігінде тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында тұман болжанады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с құрайды.

Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Жамбыл облысында 19, 20 қаңтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстік-батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ болжанады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз 19 қаңтарда, түнде 20 қаңтарда жылдамдығы 23-28 м/с артады.