Бұқар жыраудың 355 жылдығына орай ақындар айтысы өтті

https://osken-onir.kz/

Кеншілер қаласында ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына орай,  Бұқар жыраудың 355 жылдығына арналған республикалық айтыс өтті. Қарағанды жұртшылығы барлық билеттерді екі-үші күн бұрын сатып алып, республикалық деңгейде өтетін айтысқа шөліркеп қалғанын танытты. 12 ақын қатысқан жыр додасы  алты сағатқа созылды. Саясат та қозғалды,  әкімге проблема да айтылды,  қалжың да тыс қалмады.

Бұл айтыстың ерекшелігінің бірі үш жылдан бері айтысқа қатыспаған Дидар мен Мақсат болды десек қателеспеспіз.

Нәтижесінде:

Бас жүлде Мейірбек Сұлтанхан

1-орын Төлеген Жаманов

2-орын Мұрадым Мейірланов,  Айтбай Жұмағұлов

3-орын Мақсат Аханов пен Дидар Қами үшінші орынды өзара бөлісті.