Патшайым Елизавета II қайтыс болды

ашық дереккөз

8 қыркүйек күні 96 жасында Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизавета қайтыс болды. Бұл туралы британдық корольдіктің ресми Twitter парақшасында жазды, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі.

Британиялық монарх ІІ Елизаветаның қайтыс болғаны белгілі болды. Оның өлімінен соң Ұлыбритания королі болып патшайымның орнын оның үлкен ұлы Чарльз ханзада басты. Бұрынғы Уэльс ханзадасы Біріккен корольдік пен 14 Достастық корольдігінің королі атанды, деп жазады Sky News телеарнасы.

Еске салсақ, бұған дейін Ұлыбритания патшайымы II Елизаветаның дәрігерлері оның денсаулығына алаңдап отырғанын хабарлаған болатын.