Сарандағы сүлгілер зауытының жұмысы жандануда

Қарағанды облысының әкімдігінің сайты

2009 жылдан бастап Саран қаласында майлықтар, дәретхана қағаздары мен қағаз сүлгілері өндіріледі. Кәсіпорында 100-ге жуық адам жұмыс істейді. Ұжым негізінен жас мамандардан құралған. Өндіріс ошағы ай сайын кем дегенде 200 тонна шикізатты өңдей алады. Табысты арттыру бағдарламасы шеңберінде зауытқа жаңа кадрлар тартылуда. Мұнда лайықты жалақы мен еңбек етуге барлық жағдай жасалған.

«Әйелдердің саны ерлермен салыстырғанда 60/40 құрайды. Өзім Орталық Қазақстан Академиясының түлегі болып жұмысқа тұрдым. Сала соншалықты кең емес, Қарағанды облысында біз осындай жалғыз өндіріспіз. Біз мамандарды өзіміз үшін дайындаймыз және қызметкерлер үшін ең қолайлы жағдай жасауға тырысамыз. Тегін тамақ, жұмыс автобусы ауысымнан кейін кәсіпорынға және үйге жеткізіледі.Биылғы жылдың соңына дейін біз 757 адамды жұмысқа қабылдаймыз деп жоспарлап отырмыз. Өндірістік қуат толық артқан соң 1116 адамды жұмыспен қамтимыз. Біздегі орташа жалақы 230 мыңнан жоғары»,- дейді «Sunpaper» ЖШС өндіріс жөніндегі менеджері Игорь ПЕХТЕРЕВ.

Жалпы алғанда, кәсіпорынның ассортименті үлкен – дәретхана қағаздары мен майлықтардан, қағаз сүлгілерден бастап дәретхана жабындарына дейін. Sunpaper жас компаниясы бірнеше жыл бұрын өзінің өндірістік алаңын Алматыдан Қарағанды облысының моноқаласына көшірді. Бұрынғы автобаза орнында заманауи жабдықтары бар цехтар салынды.

Кәсіпорын Моноқалаларды дамыту, «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламаларының қатысушысы. Өндіріске қолданылатын шикізат негізінен шетелден сатып алынады. Есептеулер бойынша, зауыттың қуатын жылына 21,4 мың тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік бар.

Кадрлар санының көбейуі өндіріс қуатын арттырады. Сол үшін алдағы уақытта жаңа цехты іске қосуды жоспарлап отыр.