Қарағанды облысында колледж студенті өзіне қол жұмсады

ашық дереккөз

Демалыс күні Саран қаласында қайғылы оқиға орын алды. Алдын ала мәліметтер бойынша, 18 жастағы жігіт РТИ ықшам ауданындағы көп қабатты үйдің төбесінен секіріп, мерт болған, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі.

Марқұмның туыстары мен достары болған жағдайға байланысты  түсініктеме бермеді.

Марқұм екі жыл бұрын №17 орта мектепті жақсы нәтижемен бітіріп шыққан.  Спортпен белсенді айналысып, түрлі жарыстарға қатысқан. Мектептегі оқуын аяқтағаннан кейін Қарағандыдағы колледжге оқуға түскен.
Озі бітірген мектеп өкілдері марқұм жайлы жақсы пікірде.

"Көңілді бала болды. Оның жасындағы барлық оқушылар сияқты спортқа қызығушылық танытты, футбол мен волейбол ойнады. Нақты ғылымдарға деген құштарлық болған жоқ. Оның өзіне-өзі қол жұмсау үрдісі байқалмады", - деді өз атын атағысы келмеген №17 мектептің өкілі.

Қазіргі уақытта Саран қаласының тұрғындары жігітті жерлеуге қаражат жинауда. Олар әлеуметтік желілерде керекті қаражатты жинау мақсатында посттар жариялаған.

Аталған оқиға бойынша, Қарағанды облысының полиция департаменті де әзірге түсініктеме берген жоқ.

 


Дереккөз:elitar.kz