Қарағанды қаласынан тағы бір заңсыз майнинг фермасы анықталды

ашық дереккөз

Қарағанды қаласынан заңсыз майнинг фермасы анықталды. Бұл туралы журналист Сергей Терещенко өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі.

Бір қызығы, майнинг фермасына арналған жабдық "Қарағанды Жарық" ЖШС аумағынан табылған. Ферма қарапайым қарағандылық зейнеткердің арызы бойынша анықталған. Зейнеткер өзі тұратын үйдің дәліз жарығы үшін төлейтін ақшаның тым көп екенін айтып шағымданған. Нәтижесінде, монополия мамандары артық төлемнің майнингке жұмсалып жатқанын анықтап, зейнеткер Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне арыз жазды.

Көп ұзамай зейнеткер департамент басшысының орынбасарының міндетін атқарушы А.Барамашевтің қолы қойылған ресми жауап алды. Онда «жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде  майнинг фермасының табылғанын растаймыз , тексеру кезінде жабдықтар электр желілеріне қосылмаған және қазіргі уақытта ЖШС аумағынан шығарылғаны» деп жазылған.

Бірақ, майнинг фермасының құрбанына айналған тұрғындар ферма иесінің ұсталмағанына және заңсыз жабдықтар жұмысының  тоқтағанына сенбейді.

«Өтірік, мен бұл жабдық туралы хабарлағаныма шамамен бір жыл болды. Осы уақыт ішінде ол тоқтап қалды ма? Жабдықтар "Қарағанды Жарық" аумағынан шығарылған жоқ әліде.  Бізде 14 подъезд  бар. 2016 жылдан бастап әрбір пәтерден дәліз жарығы үшін – 200-400, тіпті 500 теңге алып келді. Бұл ретте "Қарағанды Жарық" : "сіздерде біреу электр ұрлайды, ұрыны іздеңіз", - деп айтатын. Біз не істесек те, қайда жүгінсек те, әділеттілікке қол жеткізе алмаймыз. Олар  майнинг фермасы үшін осы уақытқа дейін заңсыз ақша алып келді, әліде алып келеді. Бұған жауап беретін біреу бар ма?» , зейнеткер Нина Гладких.