Үндістанда бойжеткен жігіті екеуінің қарым-қатынасына қарсы болған әкесін өлтірді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі El.kz-ке сілтеме жасап.
Карнатака штатына қарасты Кунигал қаласындағы мектептің Марияппа есімді 47 жастағы мұғалімі қызы Хемлатеге жігітімен кездесуге тыйым салған. Қыздың әкесі оның сүйіктісін ұрып, одан қызына жоламауын талап еткен.
Ашуға булыққан Хемлата мен оның жігіті әкесінен кек алу туралы шешім қабылдаған. Ойын жүзеге асыру үшін тағы бес серіктес қосып алған, олардың арасында Марияппаның әйелі де бар. Қаскөйлер ер адамның жұмыстан келе жатқан сәтін күтіп тұрып, тап берген. Сол сәтте-ақ оның басын кесіп алған.
Хемлата өзін күдіктілердің қатарынан алып тастау үшін оқиға туралы дереу полицияға хабарлаған. Дегенмен тергеу барысында полиция қызметкерлері қыздың да қылмысқа қатысы барын анықтады. Өзге қатысушылар да қамауға алынды.