BANNER

Бүгін Жерде соңғы екі айдағы ең күшті магнит дауылы болады

Фото: depositphotos.com

Жер тағы бір ірі тәж саңылауы аймағына енеді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Ресей ғылым академиясы Ғарыштық зерттеулер институтының және Күн-жер физикасы институтының мәліметінше, соңғы есептеулерге сәйкес 5 тамызда болған М4.4 деңгейіндегі ірі Күн жарқылынан кейінгі масса шығындыларының Жерге қарай ұшуы болжанғаннан да күштірек геомагнитті салдарға әкеп соқтырады.

"Модельдер ғаламшарға жоғары жылдамдықты бұлт өзегі соғылатынын және магнит өрісіне әсері әлдеқайда күшті болуы мүмкін екенін көрсетеді", – делінген хабарламада.

Плазма Жерге 8 тамызда Мәскеу уақыты бойынша таңғы сағат 07:00 шамасында (Астана уақытымен таңертеңгі 09:00) келетіні айтылған. Бірақ геомагниттік жағдай бейсенбіден жұмаға қараған түні нашарлай бастады, өйткені "Жер тағы бір ірі тәж саңылауының әрекет ету аймағына енеді".

"Соқтығысу сәтінде Kp геомагниттік индексі 6-ға дейін артады деп болжануда (G2 деңгейіне (орташа) сәйкес келеді), бұл осы деңгейдегі дауыл соңғы рет тіркелген 13 маусымнан бергі ең жоғары мән болып саналады", – делінген хабарламада.