Қырғыз Республикасының Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті қалталы шенеуніктер мен шетелдік бай-бағландарға интимдік қызмет көрсету үшін қыздарды жинап, жезөкшелікпен айналысатын «элиталық эскортницалар» желісінің ұйымдастырушысын ұстады, деп хабарлайды "Life09" ақпарат агенттігі.
Ол интернет арқылы интимдік қызмет көрсететін модельдік келбеті бар қыздарды жинаған.
Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, екінші «Айка» жезөкшелік қызмет көрсету үшін Дубайға (БАӘ) және көршілес республикаларға сапарлар ұйымдастырған.
«И.К.Д. 18 бен 25 жас аралығындағы қыздарды және әлеуметтік желілерде өте танымал тұлғалар мен блогерлерді жинап онлайн топтар желісін ұйымдастырды. Онда эскорт қызметінің құны мың доллардан 10 мың долларға дейін көрсетілген», - делінген хабарламада.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.