Ыстамбұлда белгісіз біреулер католик шіркеуінің келушілеріне оқ жаудырды

Baibal.kz

Ыстамбұлда католик шіркеуінің келушілеріне белгісіз біреулер оқ жаудырды. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі NTV Haber-ге сілтеме жасап хабарлайды. 

Бетперде киген екі белгісіз адам бір топ жұртқа оқ жаудырған.

Шабуыл Ыстамбұлдың Сарыер ауданындағы Санта-Мария итальялық католик шіркеуінде жексенбілік дұға тілеу кезінде болған. Бетперде киген екі белгісіз адам бір топ жұртқа оқ жаудырған. Түркия ІІМ мәліметтері бойынша, бір адам сол жерде қайтыс болды.

Түркия полициясы шабуылдағандарды табу және ұстау операциясын жүргізуде.

"Біз бұны зұлымдық деп ойлаймыз. Бұл істі ауқымды тергеу басталды және оларды ұстауға күш салынуда", - деді Түркия ІІМ басшысы Али Ерикая.