BANNER

Қарағандыдағы көру қабілеті нашар балаларға арналған мектеп-интернатта «Қараңғы бөлме» ерекше жобасы құрылды

Қарағанды облысының әкімдігі

Қарағанды облыстық № 1 мамандандырылған мектеп-интернатында тас қараңғыда, еш бағдарсыз өмір сүрудің не екенін білуге болады. Оқушыларды бейімдеу мен әлеуметтендіруге көмектесу үшін оқу орнының қызметкерлері көптеген қызықты жобалар құрады.

№ 1 мектеп-интернатта көру қабілеті бұзылған 112 бала білім алуда. Мұнда білім алуға, емделуге және оңалтуға қажетті жағдайлар жасалған, сондай-ақ қолжетімді орта қамтамасыз етілген.

«Қараңғы бөлме» жобасы ерекше назар аудартады. Бұл не? Бұл тек кеңістік қана емес, сонымен қатар барлық іс-әрекет тас қараңғыда болатын эксперименттік квест. Келушілер тапсырмаларды тек есту, сезіну, дәм және иіс сезу арқылы ғана орындайды. Бөлме алты аймаққа бөлінген, олардың әрқайсысында ерекше тапсырма ұсынылады: бағдарлы таяқпен көпірден өту, көзіңмен көрмей баланы мектепке жинау, екінші адамға дастархан жаю, иістерге бағдарланған «супермаркетте» сауда жасау.

– «Қараңғы бөлме» көру қабілеті бұзылған балаларға өз мүмкіндіктерін ашуға көмектесіп қана қоймай, көру қабілеті нашар адамдардың қандай қиындықтармен бетпе-бет келетінін жақсы түсінуге мүмкіндік береді. Бұл педагогтар, дефектологтар мен ата-аналар үшін аса маңызды тәжірибе, – деді нұсқаушы Екатерина Әбішева.

Мұның маңызы неде? Әрбір келуші қараңғыға батып, өз күшін әдеттен тыс жағдайларда сынап көруге, зағип адамдардың әлемін жақсы түсінуге және жаңа дағдыларды игеруге мүмкіндік алады.

Жоба көру қабілеті бұзылған балалармен жұмыс істеуге дайындалып жатқан дефектолог студенттерді оқыту алаңы болып табылады.

«Қараңғы бөлмеден» басқа, мектепте «Мектептің мақтанышы» атты ағаш пішінінде фотостенд жасалды,

оның жемістері – түлектердің фотосуреттері.

Әлеуметтік бейімделу кеңістігін кеңейту және оқушылардың ынтасын арттыру үшін құрылған әлемді өзгерткен Ұлы адамдар мұражайы ашылды.

Экспозиция тарихта із қалдырған зағип адамдар –  журналист Джозеф Пулитцер, оның есімімен беделді сыйлық аталды, көрнекті жазушы Хелен Адамс Келлер, әлемдегі жалғыз соқыр альпинист, Эверестті бағындырған Эрика Вайхенмайер және екі рет Олимпиада ойындарына қатысқан соқыр жеңіл атлет Марла Раньян туралы баяндайды. Материалдар үш тілде қолжетімді және көру қабілеті бұзылған адамдар үшін бейімделген (Брайл қарпі, аудио-экскурсиялары бар QR-кодтар).

– Біздің мектептің оқушылары талантты, және олардың әрқайсысы осы мұражайға келгенде өзін теңестіргісі келетін адамды таңдайды, – деп есептейді мектеп директоры Айман Тілегенова. – Бір кездері бұл адамдардың барлығы да жай ғана шәкірт болған, бірақ әлем мойындаған және ұлы болған.

Мектеп-интернат жобалары балалардың бейімделуіне көмектесіп қана қоймай, көру қабілеті шектеулі адамдарға деген қоғамның көзқарасын да өзгертеді.