Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Кеңес Жұмабековтың мектеп оқушыларымен кездесуі ұйымдастырылады. Ол актер мамандығы, театрдың жұмысы және сахна сыртындағы көрініс туралы әңгімелейді.
Бұл кездесу – «Барлық кәсіптер маңызды» циклі аясындағы өтетін кездесулердің бірі. Оның мәні – балаларды түрлі мамандық өкілдерімен таныстыру. Мысалы, балалар полицейлермен, өрт сөндірушімен, хайуанаттар бағының қараушысымен кездескен. Сонымен қатар, жас қарағандылықтар метеостанцияға барып, жауын-шашын деңгейін өлшеген.
Бұл жолы Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрының актері және драматургі Кеңес Жұмабеков оқушыларға өз жұмысының құпиялары мен ерекшеліктері туралы айтып береді.
Ол өз еңбек жолын 57 жыл бұрын бастаған. Осы уақыт ішінде Кеңес Жұмабеков драмадан бастап комедияға дейін
түрлі рөлдерді сомдаған.
Сонымен қатар, Кеңес Жұмабеков «Замана неткен тар едің», «Қаз дауысты Қазыбек би», «Ата парызы» және «Адасқандар» сияқты пьесалардың авторы. Бұл туындылардың барлығы Сәкен Сейфуллин атындағы театрдың сахнасында қойылды.
Өзінің жетістіктері үшін Кеңес Жұмабеков 1986 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағына ие болды. 1996 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі атанды. Өткен жылы Кеңес Жұмабеков Қазақстанның халық әртісі атағын алды.
Кітапханада сондай-ақ Кеңес Жұмабековтың кітаптары мен шығармашылық қызметі туралы жазылған басылымдар ұсынылатын көрме ұйымдастырылады.
Кеңес Жұмабековпен кездесу 10 ақпанда сағат 14:00-де Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында өтеді.