BANNER

Халық қатысатын бюджет: Қарағанды облысының тұрғындарынан өз қаласын абаттандыру бойынша ұсыныстар күтілуде

Қарағанды облысының әкімдігі

Қарағанды облысында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы танымал болып келеді. Тұрғындар өз қаласын абаттандыру, көгалдандыру, қоғамдық кеңістікті жаңғырту бойынша өз идеяларын ұсына алады. Халықтық онлайн-дауыс берудің нәтижелері бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жобалар таңдалады.

Мысалы, Қарағандыда өткен жылы бағдарлама бойынша 24 жоба іске асырылды. Бұл жаңа балалар алаңдары, футбол алаңдары және т. б. жайлы жағдай құруға арналған қала тұрғындарының ұсыныстары. Биыл мұндай жобалар көбірек болады, себебі бағдарлама бюджеті үш есеге ұлғайды.

Теміртауда бос жатқан жердің орнына заманауи саябақ пайда болды. Тұрғындар бағдарламаның нақты жұмыс істейтінін көріп, биыл 13 жоба анықталды, олардың басым бөлігі аулаларды абаттандыру бойынша.

20 қаңтардан бастап 2026 жылға арналған жобаларды одан әрі іріктеу үшін ұсыныстар қабылдау басталады. Бағдарламаны одан әрі іске асыру туралы Қарағанды, Теміртау, Саран, Шахтинск, Приозерск қалаларында жарияланды. Өтініштер 2025 жылдың 1 наурызына дейін әкімдіктердің сайттарында қабылданады. Сондай-ақ, «Халық қатысатын бюджет» бөлімінде бағдарламаны іске асыруға қатысты талаптармен және қосымша ақпаратпен танысуға болады.

Тұрғындарды өз идеясын жүзеге асырып, қаланы жақсартуға шақырады.