Ерлан Қошанов: Халық несие қамытын киіп отыр

Time.kz

Мәжілісте «Халықтың шамадан тыс кредит алуын азайту және қаржылық сауаттылықты  арттыру»  тақырыбында Парламенттік тыңдау өтіп жатыр.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың айтуынша, қазіргі уақытта халықтың 84 пайызында, яғни 8,4  миллионнан астам адамның қарызы бар.

«90 күннен кешіктірілген қарыз көлемі шамамен 1,4 трлн теңге. Яғни, 1,7 млн адам қарызын уақытылы төлей алмай отыр деген сөз. Осының бәрі несие проблемасының қаншалықты асқынып кеткенін көрсетеді», - деді Е.Қошанов.