Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жеке және жұптық жарыстардың рейтингін жаңартты. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина үшінші орыннан бесінші орынға төмендеді. Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева алты позицияға төмендеп, қазір 70-орында.
Алғашқы екі орынды польшалық Ига Швентек пен беларусияолық Арина Соболенко иеленді, ал бұрын бір саты төмен болған америкалық Кори Гауф үшінші орынға көтерілді.
Қазақстандық жұптық жарыстардың үздік ойыншысы Анна Данилина 44-орнын сақтап қалды.
Бельгиялық Элиза Мертенс жұптық сында жаңа көшбасшы атанды.
Бұған дейін Елена Рыбакина камбэк жасап, әлемнің экс-бірінші ракеткасын жеңгені айтылды.