Халықаралық теннис федерациясы жаңартылған ITF жасөспірімдер рейтингін жариялады. Он жеті жастағы қарағандылық теннисші Әмір Омарханов жеке рейтингте он позицияға көтеріліп, қазір төртінші орында тұр. Ол өз мансабында алғаш рет үздік бестікке кірді.
Өткен маусымда Әмір Омарханов Бейжіңдегі j300 бір жеке турнирінде және үш ірі жұпта, соның ішінде бейресми әлем чемпионаты болып саналатын Orange Bowl-да жеңіске жетті.