Қарағанды облысының Бұқар жырау және Осакаров аудандарында пилоттық режимде «Қайта бастау» жобасы іске қосылды. Оның мақсаты – несие бойынша қарызы бар адамдарға көмек көрсету.
«Қайта бастау» жобасы аясында қарызы бар адамдар үшін қаржылық сауаттылық сабақтары өткізіледі, тұрақты жұмыс табуға және банктерден қарызды қайтарудың жеке және жайлы шарттарын алуға көмектеседі.
Бұл бағдарламаға 90 және одан көп күн қарызы бар қарыз алушылар қатыса алады. Бұл ретте қарыз сомасы маңызды емес. Алайда, егер адамның түрлі банктер мен микроқаржы ұйымдарынан бірнеше қарызы болса, онда оған қатысуға жол берілмейді.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері қатысушылармен жеке шарттар жасасады, онда күрделі қаржылық жағдайдан шығу үшін қажетті барлық қадамдар жазылады.
Бірінші кезекте қаржылық сауаттылық курсынан өту керек. Оны Amanat партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы бойынша өткізеді. Онлайн да, офлайн форматында да айналысуға болады.
Содан кейін, егер қажет болса, борышкерге жұмысқа орналасуға көмектеседі. Бұл үшін облыста табысты жұмыс істейтін бірнеше әлеуметтік бағдарламалар іске қосылады. Олардың ішінде әлеуметтік жұмыс орындары, жастар практикасы, «Ұрпақтар келісімшарты», «Күміс жас» және «Алтын жас» жобалары, қоғамдық жұмыстар мен бизнес-идеяларды іске асыруға арналған гранттар бар.
«Қайта бастау» жобасының қорытынды кезеңі – банктен немесе микроқаржы ұйымынан кредитті өтеудің жеке шарттарын алу. Оған оқудан өткен және жұмыс тапқан қатысушыларға жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің мамандары көмектеседі.
«Қайта бастау» жобасының қатысушысы болу үшін ауылдық округ әкімдігіне немесе жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне жүгіну қажет.
Байланыс телефондары:
Осакаров ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі – (8-7214) 94-13-74;
Бұқар жырау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі – (8-7215) 42-10-38;
Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы – (87212) 43-16-75.