BANNER

Қарағанды облысындағы су тасқыны жағдайы

Сурет: pixabay.com

Қазіргі таңда Қарағанды облысындағы су тасқыны жағдайы келесідей:

Гидротехникалық құрылыстар қалыпты жұмыс істеп тұр.

Өзендерде еріген судың қарқынды ағуына байланысты су деңгейі көтеріліп, кей жерлерде жағадан асып төгілулер байқалады!

Елдімекендердің аумағына еріген судың түсуінің екі жағдайы тіркелді (Ақтоғай ауданы Абай ауылы, Абай ауданы Құлайғыр ауылы). Бұл ретте аталған елдімекендердегі тұрғын үйлерді су басу фактілері тіркелген жоқ.

1. Ақтоғай ауданы, Абай ауылы, қардың қарқынды еруі нәтижесінде Абай ауылына дала мен беткейлерден еріген судың ағу фактісі тіркелді. Қазіргі уақытта Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы органдар аталған елдімекен арқылы еріген суды (қою және қап төсеу арқылы) өткізуде. Тұрғын үйлерді су басуға жол берілмеді, тұрғындар эвакуацияланбады. Жағдай бақылауда.

2. Абай ауданы, Құлайғыр ауылы, қардың қатты еруінің нәтижесінде даладан еріген су Құлайғыр ауылына дейін ағып кетті. Қазір Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы органдар қап төсеу және еріген суды өткізу шараларын жүргізуде. Тұрғын үйлерді су басуға жол берілмеді, тұрғындар эвакуацияланбады. Жағдай бақылауда.

Облыс жолдарында су тасқыны тіркелді, оның ішінде: 2 республикалық маңызы бар жол, 4 аудандық маңызы бар жол, 1 аудандық маңызы бар жол:

1. Шет ауданы, республикалық маңызы бар «Алматы – Екатеринбург» автожолында, Ақсу-Аюлы ауылы ауданында жол бойынан су өту (ені 150 м, тереңдігі 15 см) тіркелді. Көлік қозғалысына шектеу қойылмаған.

2. Абай ауданы, «Қызылорда – Павлодар» республикалық маңызы бар автомобиль жолының учаскесінде (Красная Поляна ауылы – Құлайғыр ауылы арасындағы учаскеде) судың толып кетуіне байланысты көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.

3. Осакаров ауданы, аудандық маңызы бар «Осакаровка-Молодежное» тасжолы, көлік қозғалысы ашық.

4. Ақтоғай ауданы, «Ақтоғай – Нүркен» аудандық маңызы бар жолдың учаскесі жабық, Ақтоғай ауылы арқылы өтетін қосымша жол бар.

5. Нұра ауданы, облыстық маңызы бар «Қорғалжина-Баршино-Шұбаркөл-Қызылжар» тасжолында су тасқыны тіркелді. Жолаушылар көлігінің қозғалысы тоқтатылды.

6. Қарқаралы ауданы, жолдан судың өтуіне байланысты «Егіндібұлақ-Қоянды-Бүркітті» аудандық маңызы бар автомобиль жолының учаскесінде (Қоянды ауылы – Егіндібұлақ ауылы) көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.

7. Қарқаралы ауданы, облыстық маңызы бар «Нұркен – Жаңатоған» тасжолында еріген судың үлкен көлемінің ағуы нәтижесінде ені 10-15 м, тереңдігі 1,5-2 м жол бөлігі пайда болды. Жол учаскесі жабылды, оқиға орнында ПБ және ЖАО қызметкерлері кезекшілікте.

Қарағанды облысындағы барлық су тасқыны жағдайы тұрақты бақылауда, Төтенше жағдайлар департаментіндегі су тасқынына қарсы штаб тәулік бойы жұмыс істейді.