BANNER

Қызмет алушының құқығы қалпына келтірілді

pixabay.com

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті қызметінің басым бағыттарының бірі халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге, көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қорғауға және қалпына келтіруге баса назар аудару болып есептеледі.

Көрсетілетін қызметті алушының бұзылған құқықтарын қалпына келтіру - бұл жүргізілген тексерудің тиімділігін және анықталған проблемаларға жедел ден қоюды растайтын маңызды қадам.

Мұндай әрекеттер қызмет көрсету жүйесіне деген сенімділікті арттыруға және қызмет көрсету сапасын жақсартуға ықпал етеді.

Мәселен, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаменті «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша берілген бас тартумен келіспейтіндігі туралы қызмет алушының шағымы негізінде жүргізілген тексерудің қорытындысы бойынша көрсетілетін қызметті алушының бұзылған құқықтарын қалпына келтірді.

Бұл өз кезегінде құжаттарды мұқият талдау және әрбір нақты жағдайдың мән-жайларын терең зерттеу арқылы мүмкін болды.