Жиынға Құрылтай мүшелері мен басқа да делегаттар қатысып отыр. Қазіргі уақытта спикерлер сөз алды.
Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтай отырысындағы сөзі басталды.
Қасым-Жомарт Тоқаев:
«Ең алдымен бүгін Амал күні баршаңызға құтты болсын дегім келеді.
Қыстан аман-есен шығып, ағайын-бауырмен көрісу – ежелден келе жатқан ата дәстүріміз. Бұл күн – Әз-Наурыздың бастауы. Еліміздің төл мерекесі биыл да қасиетті Ораза айына орайлас келіп отыр.
Қастерлі мейрамдарымыз халқымызды игі амалдар жасауға үндейді. Асыл қасиеттерімізді кеңінен дәріптейді. Құрылтайдың ұлық мерекелермен қатар өтіп жатқаны – жақсылықтың нышаны»