BANNER

Ұлттық құрылтайда Артспорт бағдарламасының қаржысын үнемдеу туралы ұсыныс айтылды

Ақорда

Ұлттық құрылтайдың “Әлеуметтік-экономикалық секциясының” отырысында Қарағанды қаласының отбасын қолдау орталығының басшысы Ләззат Қожахметова Артспорт бағдарламасының қаржысын үнемдеу туралы ұсыныс айтты.

«Мәселен Қарағанды облысында бұл бағдарламаға бір жылда 4 млрд жуық теңге жұмсалады. Облыс халқының 85% қалада тұратынын ескерсек, Артспорттың қызығын қала балалары көруде. Ал қалаларда тегін үйірме-секцияларды Мәдениет үйлері мен Жасөспірімдер сарайы да ұсынады.

Қарағандының өзінде 4 Мәдениет үйі мен 3 Жасөспірімдер сарайы бар, оларда жүзден аса секция жұмыс істейді. Ондағы үйірмелер сапалы, заманауи құралдармен жабдықталған, мамандары білікті. Онда  қалалықтар үшін ДК мен ДДЮ-да бар үйірмелерді неге Артспорттан алып тастамасқа?

Мәдениет үйі мен Оқушылар сарайында үйірмеге келген бір балаға 500 теңге (шамамен)  қарастырылған, оқытушылардың жалақысы 80-120 мың теңге аралығында.

Ал Артспортта бір балаға 28 мың теңге бөлінеді. Бір дегенде 200-400 балаға Артспорт арқылы қызмет көрсететін жекеменшік орталықтар бар. Олар жылда әртүрлі орын жалдайды, мекенжайы ауысады, жабдығы мен оқытуын тексеріп жатқан құзырлы орган жоқ.

Парадокс па?

Артспортқа жұмсалып жатқан қаржының бір бөлігін Мәдениет үйі мен Жасөспірімдер сарайының жабдықтарын жаңартуға, оқытушылардың жалақысын көтеруге неге бөлмеске? Ән-күй, би үйірмелерін артспорттан алып, мемлекеттік мекемелерге беру керек. Бюджет қаржысын үнемдеу деген осы.

Артспорттың қаржысын бассейн, тағы басқа баламасы жоқ үйірмелерді ашуға жұмсаса.

Әрі Артспортқа қаржы бөлгенде ауыл мен қалаға бөлінетін қаржының тепе теңдігін сақтау қажет. Мемлекет балаларды дамытуға қаржы бөліп жатыр. Алайда ол ауыл балаларына жеткен жоқ.

Аймақтарда Артспортқа жұмсалған қаржының 80% қалада қалуда. Себебі мониторинг жасап жатқан ешкім жоқ.

Кеше Ұлттық құрылтайдың “Әлеуметтік-экономикалық секциясында” НДС, салық, ИПН, бюджет, өсім, түсім деген күрделі тақырып талқыланды. Мен үшін мықты экономикалық дәріс болды. НДС неліктен 16%, шекті көлем 15 млн қайдан шыққанын баяндады. Оны бөлек пост етіп саламын. Түстен кейін Президент Ұлттық құрылтай отырысында экономикаға қатысты мәлімдеме жасайды», - деп айтты Ләззат Қожахметова.