Жүрсін Ерманның шетелдік құдасы Тедрос Гебрейесус Алматыға келді

ашық дереккөз

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус Алматыға бейресми сапармен келді.

Ол денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятпен, қала әкімі Ерболат Досаевпен кездесіп, С.Асфендияров атындағы медицина университетінде болды. Алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту мәселелерін талқылады.

"2023 жылы Нью-Йоркте медициналық сақтандырумен жалпы қамту бойынша жоғары деңгейдегі кездесулер өтеді. Біз МСАК аспектілері бойынша жетекші рөл атқару үшін Қазақстанның бізбен бірге жұмыс істегенін қалаймыз", - деді ДДСҰ басшысы.

Өткен жылы Тедрос Гебрейесус қазақ ақыны Жүрсін Ерманның құдасы екені белгілі болды. Ақынның қызынан туған жиені ДДСҰ басшысының ұлына тұрмысқа шыққан. 

 

 

 

Дереккөз: sputnikкз