БҰҰ: Африканың шығысын аштық жайлады

ашық дереккөз

Африканы мекендейтін 22 миллион тұрғынға аштық қаупі төніп тұр.

Бұған басты себеп – қуаңшылық. Біріккен Ұлттар Ұйымы Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының өкілдері қазірден дабыл қағып жатыр. Жыл басынан бір үзім нанға мұқтаж жандардың қатары 9 миллион адамға толыққан.

Жұт жайлаған аймақта мал қырылып, ауыз су жетіспей жатыр. Жүздеген тұрғын босып кетті. Сарапшылардың есебінше, алдағы 6 айда дағдарысты еңсеру үшін кемінде  418 миллион АҚШ доллары қажет.