Израиль Газаға зымырандық шабуыл жасады

-

Израиль ұшағы Газа секторының орталық бөлігіндегі жерасты әскери нысанына кері соққы жасады, - деп хабарлайды Times of Israel басылымы.

"Ұшақтар Газа секторының орталық бөлігінде Хамас лаңкестік ұйымы зымырандарын әзірлейтін жерасты әскери нысанына шабуыл жасады", - деп хабарлады Израиль қорғаныс күштерінің өкілі.

Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.