Медитация миды өзгертеді

Ашық дереккөз

Егер адам тұрақты түрде медитация жасаса, мида құрылымдық өзгеріс болатынын ғалымдар дәлелдеген. Гарвард медициналық мектебінің нейробиологы Сара Лазар медитация миды өзгертетінін зерттеген. 8 апта бойы 16 ерікті қатысушылар күн сайын 30 мин медитация жасаған…

 Қатысушылар бағдарламаға дейін және бағдарламадан соң МРТ өткен. Сол уақыт аралығында медитация жасамаған адамдарға да МРТ жасап көрген. Нәтижесінде медитация жасаған адамдар тобында мынандай өзгешеліктер болған:

1. Ең басты өзгешелік - ақыл-ой белсенділігі мен саналылыққа жауап беретін мидың артқы саңылау қыртысы аймағында.

2. Есте сақтау мен кеңістікті бағдарлауға, білім алуға, стресс пен эмоцияны бақылауға жауап беретін сол жақ гиппокампта.

3. Біреуге аяушылық, жанашырлық сезімдерін тудырып, оқиғаға басқаның көзімен қарай алу қабілетімен байланыстыратын самай мен төбе сүйектерінің түйісінде.

4. Рефлекторлық, өткізгіш, сенсорлық, қозғалтқыш функцияларына жауап беруші «Варолиев көпірі» деп аталатын мидың бағаналы бөлігінде.

5. Мазасыздық, жалпы стресс, қорқыныш күйлеріне әсер ететін, қауіпке реакция таңдауға жауап беретін бадамша тәрізді дене кішірейген.

 Медитация жасамаған адамдарда ешқандай өзгерістің болмауы, өзгерістің уақыт өте келе болмағанына дәлел.

 Зерттеулер:

• Медитация мидың жасушаларын қалыпқа келтіретінін;

• Мидағы сұр заттың мөлшерін көбейтетінін;

• Миға стресске әсер етуді азайтатынын;

• Зейінді, оқу, есте сақтау қабілеттерін жақсартатынын дәлелдеді. Яғни, медитация мидың қызметін жақсартады.

 

Ақерке Аянқызы