Сенатор құрметіне соғылған Аққала...

https://tourweek.ru/blogs/114452

Бала кезіңізде талай мәрте аққала соққан боларсыз. Қар жауып, қыс түскен кезде бұл әр баланың сүйікті ойынына айналары сөзсіз. Мейлі қалада тұрса да, мейлі ауылдың баласы болса да баланың аты - бала. Оның табиғатына қарсы тұра алмайсыз.

Өзімнің кіші қызым күнде ояна салысымен терезеге қарайды. Қар көп жауған күні аққала соғамыз деген келісім бар екі ортада.

Сонымен, аққаламыздың да өзіндік тарихы бар екен. Адамзат алғаш рет аққаланы қашан жасағаны беймәлім. Бірақ, XIV ғасырдың аяғы, XV ғасырдың басындағы жазбаларда, кітаптарда аққала жайлы жазылып, әредік суреті де кездеседі екен.

Сонымен, әлемдегі ең үлкен аққаланы кім соқты деп ойлайсыз? Сол баяғы америкалықтар әрине. Алыстағы біз тұрмақ кей америкалықтардың өзі білмейтін Бетель атты шағын қаланың тұрғындары 2008 жылы биіктігі 37 метр, ені 15 метр болатын алып аққала  соғып, жарты әлемге танылған екен. Кірпіктеріне 8 пар шаңғы(16 шаңғы), еріндерін қызыл түске боялған көліктің 5 шинасынан жасаған. Алып аққаланы жасауға 2 апта уақыт, 6 тонна қар кеткен. Бас киімі мен шарфысын да арнайы тіккен. Шарфтың өзіне 40 метрдей материал кеткен деседі.  Аққала ақпан айында соғылып,  шілде айының аяғына таман еріген.

аққала

Гиннесстің рекордтар кітабына  енген алып аққаланың жынысы әйел. Есімі осы өңірден шыққан (Мэн штатынан) сенатор әйелдің құрметіне Olimpia деп қойылған. 2006 жылы TIME  журналы Olympia Snowe (Олимпиа Сноу) АҚШ үздік сенаторларының қатарына кіргізген.